Аннотации:
Мақалада Алтын Орда дәуірі әдебиетінің аса көрнекті
өкілдерінің бірі Сәйф Сарайидың «Гүлстан би-т-түрки» шығармасы
аксиологиялық тұрғыда қарастырылып, оның этикалық-философиялық
қырлары зерделенеді. Рухани мұраның қөркемдік, мазмұндық, мәтіндік си-
патын ашатын герменевтикалық талдау жасалып, тарихи тұлғаның әлемді
көркем игеруінің философиялық негіздері ашылады. Сәйф Сарайидың
философиялық және этикалық ойлары қазіргі қоғамда отансүйгіштік пен
этносаралық келісімді нығайтуда маңызды рөл атқарады.