Аннотации:
Қазақ этикасы мен эстетикасының ежелгі бастаулары, қайнар
көздері үш мың жылдай Еуразияның Ұлы даласында өркендеген скиф-сақ, ғұн,
үйсін, қаңлы мен түрік бірлестіктерінің мол мәдениетінен нәр алады. Қазақтың
төлтумалық этикалық және эстетикалық мәдениеті хандық дәуірінде қалыптасты
және ақын-жыраулар мен би-шешендер шығармашылығында өзінің шарықтау
шыңына жетті. Мәселен, Майқы би, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және т. б. сол
сияқты би-шешендердің шығармашылығында этикалық-эстетикалық ізденістер
айқын көрініс беріп, көшпелілердің дүниені рухани игеру ерекшелігін танытты.