Аннотации:
Бұл томда қазақ халқының этногенезімен қатар қалыптасқан философиялық
көзқарастар жүйесі талдаудан өткізіледі және олар заманауи құндылықтық бағдар-
лар тұрғысынан пайымдалады. Авторлар қазақ халқының хандық дәуірдегі дүние-
танымдық бағдарларын өзіндік жүйеге келтіреді. Дәстүрлі қоғам түсініктерінің кейін-
гі тарихи кезеңмен рухани сабақтастығы мен қайшылықтары сараптаудан өткізіледі.
Оқырмандарға ұсынылған кітап философия тарихы мен қазақ мәдениетінің
ерекшеліктерін зерделеуге ұмтылатын мамандарға, сонымен қатар жоғары оқу
орындарының гуманитарлық саласының оқытушылары мен студенттеріне, PhD
докторанттарына арналған.