Abstract:
Бұл ғылыми жұмыста түзу тігісті қайықты тігін машинасының негізгі жұмыс механизмдерінің
фазалық өзара байланысын диагностикалау мәселелері қарастырылады. Зерттеу TYPICAL GC6150 тігін
машинасы мысалында жүргізілген. Қазіргі жеңіл өнеркәсіп саласында тігін жабдықтары жоғары
жылдамдықта және үздіксіз жұмыс істейтіндіктен, иненің, қайықтың, жіптартқыштың және
материалды жылжыту механизмінің қозғалыстарының дәл фазалық сәйкестігі тігіс сапасы мен
жабдықтың сенімділігін қамтамасыз етудің негізгі шарты болып табылады. Фазалық арақатынастардың
бұзылуы тігістердің өткізіліп алынуына, жіптің үзілуіне, тігін операцияларының тұрақсыз орындалуына
және механизмдердің жедел тозуына әкеледі. Жұмыста микрокамералар мен жұмыс циклі
циклограммаларын бірлесіп қолдануға негізделген диагностикалау әдісі ұсынылған. Микрокамералар тігін
машинасын толық бөлшектемей-ақ, қол жеткізуі қиын аймақтарда өтетін жылдам үрдістерді нақты
уақыт режимінде және баяу түсіру арқылы бақылауға мүмкіндік береді. Алынған бейнематериалдар негізінде
диагностикалық оқиғалардың фазалық және уақыттық параметрлері анықталып, эксперименттік
циклограммалар құрылады. Ұсынылған әдіс ақауларды ерте кезеңде анықтауға, жабдықты реттеу мен
жөндеу уақытын қысқартуға және өндірістік тиімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Жұмыстың
практикалық маңыздылығы әзірленген әдісті тігін жабдығына техникалық қызмет көрсету жүйесінде,
сондай-ақ жеңіл өнеркәсіптің оқу-ғылыми зертханаларында қолдану мүмкіндігімен айқындалады.