| dc.contributor.author | Л.Т. Сарттарова, Н.А. Еген | |
| dc.contributor.author | М.Т. Калдыгулова | |
| dc.date.accessioned | 2026-11-24T09:57:29Z | |
| dc.date.available | 2026-11-24T09:57:29Z | |
| dc.date.issued | 2026 | |
| dc.identifier.citation | Вестник Алматинского технологического университета | ru_RU |
| dc.identifier.issn | 2710-0839 | |
| dc.identifier.uri | http://hdl.handle.net/123456789/2804 | |
| dc.description.abstract | Бұл зерттеу асханалық өндірісте қызмет атқаратын аспаздардың еңбек қауіпсіздігін арттыруға бағытталған арнайы жұмыс киімінің эргономикалық, гигиеналық және қорғаныс қасиеттерін кешенді бағалауға арналған. Жұмыс барысында негізгі назар екі материал түріне – негізгі жұмыс костюміне арналған Панацея Премиум В7420 матасына және қорғаныс фартугына арналған отқа төзімді Пробан материалына аударылды. Зерттеудің мақсаты – аспаздардың кәсіби қызметінің биомеханикалық ерекшеліктерін ескере отырып, қауіпсіз және эргономикалық киім моделін ғылыми тұрғыдан негіздеу. Зертханалық сынақтар материалдардың физика-механикалық беріктігін, ауа өткізгіштік деңгейін, термиялық тұрақтылығын, ылғал сіңіру қабілетін, жану динамикасын және гигиеналық сипаттамаларын анықтауға бағытталды. Қосымша ретінде, аспаз жұмысына тән қозғалыстар: алға еңкею, қолды жоғары көтеру, жылдам бұрылу және ұзақ уақыт тік тұру жағдайлары кезінде фартуктың эргономикалық бейімділігі бағаланды. Пробан материалының жоғары температура әсеріне төзімділігі, өздігінен сөну қабілеті және деформацияға ұшырамауы оның кәсіби қауіптерді азайтуда тиімді шешім екенін көрсетті. Сондай ақ Пробан материалының термиялық әсерден, ашық жалыннан және жоғары температуралық факторлардан қорғау деңгейін айтарлықтай арттыратынын көрсетті. Жүргізілген зерттеу нәтижесінде аспаздарға арналған арнайы киімнің қауіпсіздік, жайлылық және функционалдық талаптарға толық сәйкес келетін ғылыми негізделген моделі ұсынылды. | ru_RU |
| dc.publisher | Алматинский Технологический Университет | ru_RU |
| dc.relation.ispartofseries | ;2026 №4 | |
| dc.subject | эргономика, защитная одежда, кухонное производство, огнестойкие материалы, Пробан, термостойкость. | ru_RU |
| dc.subject | эргономика, қорғаныс материалдары, асханалық өндіріс, өтқа төзімді, Пробан, термиялық тұрақтылық. | ru_RU |
| dc.subject | ergonomics, protective clothing, kitchen production, flame-retardant materials, Proban, thermal resistance. | ru_RU |
| dc.title | Аспаздардың денсаулық қауіпсіздігін арттыру мақсатында қорғаныс фартугының қасиеттерін зерттеу | ru_RU |
| dc.title.alternative | Исследование свойств защитного фартука с целью повышения безопасности труда поваров | ru_RU |
| dc.title.alternative | Study the properties of a protective apron to enhance occupational health and safety of chefs | ru_RU |
| dc.type | Article | ru_RU |