Репозиторий АТУ

Оңтүстік және солтүстік өңірлердегі кадеттердің антропометриялық типологиясы мен жалпы білім беретін мектеп оқушыларының көрсеткіштерінің салыстырмалы талдауы

Show simple item record

dc.contributor.author Г.Б. Арыстанова, Л.T. Сарттарова
dc.contributor.author Н.А. Аийыпканова
dc.date.accessioned 2026-11-26T09:07:38Z
dc.date.available 2026-11-26T09:07:38Z
dc.date.issued 2026
dc.identifier.citation Вестник Алматинского технологического университета ru_RU
dc.identifier.uri http://hdl.handle.net/123456789/2816
dc.description.abstract Мақалада Қазақстан Республикасының оңтүстік және солтүстік аймақтарындағы кадеттердің физикалық даму көрсеткіштерін салыстырмалы түрде талдау негізінде олардың антропометриялық типологиясын әзірлеу мәселесі қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – кадеттердің морфофункционалдық параметрлерінің ерекшеліктерін айқындап, олардың аймақтық айырмашылықтарын анықтау арқылы әскери оқу орындарында білім алатын курсанттарға арналған формалық киім үлгілерін жобалауға қажетті антропометриялық сипаттамалар құрылымын жасау. Зерттеу барысында 16–17 жастағы кадеттердің негізгі антропометриялық көрсеткіштері өлшенді. Әскери лицей тәрбиеленушілерінің өлшемдік типологиясын анықтау үшін математикалық статистика және кластерлік талдау әдістері қолданылды. Антропометриялық көрсеткіштерді талдау нәтижесінде Қазақстан Республикасының әртүрлі аймақтарында тәрбиеленіп жатқан кадеттердің физикалық даму деңгейінде елеулі айырмашылықтар бар екендігі анықталды. Конституциялық типтердің аймақтық-климаттық ерекшеліктермен байланысы көрсетілді. Зерттеу нәтижелері практикалық маңыздылығымен ерекшеленеді және жеңіл өнеркәсіп пен тоқыма өндірісінде Қазақстан Республикасы әскери лицейлерінің оқушыларына арналған формалық киімдерді жобалау мен дайындау үдерісінде қолданылуы мүмкін. Алынған ғылыми қорытындылар ұлттық өлшемдік стандарттарды әзірлеуге негіз бола отырып, әскери киім өндірісін жаңғыртуға және оның сапасын арттыруға септігін тигізеді. Бұл өз кезегінде әскери оқу орындарының тәрбиеленушілерінің антропометриялық ерекшеліктерін есепке алуға мүмкіндік береді. ru_RU
dc.publisher Алматинский Технологический Университет ru_RU
dc.relation.ispartofseries ;2026 №4
dc.subject антропометрия, кадеттер, өлшемдік типология, формалық киім, өңірлік айырмашылықтар, физикалық даму, жобалау. ru_RU
dc.subject антропометрия, кадеты, размерная типология, форменная одежда, региональные различия, физическое развитие, проектирование. ru_RU
dc.subject anthropometry, cadets, dimensional typology, uniform clothing, regional differences, physical development, design. ru_RU
dc.title Оңтүстік және солтүстік өңірлердегі кадеттердің антропометриялық типологиясы мен жалпы білім беретін мектеп оқушыларының көрсеткіштерінің салыстырмалы талдауы ru_RU
dc.title.alternative Антропометрическая типология кадетов южного и северного регионов рк в сравнении с учащимися общеобразовательных школ ru_RU
dc.title.alternative Anthropometric typology of cadets from the southern and northern regions of the republic of kazakhstan in comparison with general education school students ru_RU
dc.type Article ru_RU


Files in this item

This item appears in the following Collection(s)

Show simple item record

Search DSpace


Browse

My Account