Репозиторий АТУ

Жүгері шашағы сығындысын зерттеу

Show simple item record

dc.contributor.author А.Ж. Айтбаева, Р. С. Алибеков
dc.contributor.author М.К. Касымова, М.Ж. Кизатова
dc.contributor.author Ж.Б. Калдыбекова
dc.date.accessioned 2026-11-26T09:13:01Z
dc.date.available 2026-11-26T09:13:01Z
dc.date.issued 2026
dc.identifier.citation Вестник Алматинского технологического университета ru_RU
dc.identifier.issn 2710-0839
dc.identifier.uri http://hdl.handle.net/123456789/2817
dc.description.abstract Жүгері шашағы пайдалы заттарға, яғни фенолдық қосылыстарға (флавоноидтар, полифенолдар, дубильдік заттар), майда және суда еритін дәрумендерге, сондай-ақ минералдарға бай. Жүгері шашағының сығындылары да дәрумендер мен минералдардың көзі ретінде денсаулыққа пайдалы және зиянды бос радикалдармен күресуге көмектесетін функционалдық тамақ өнімдерін жасау үшін қолданылады.Бұл зерттеу жүгері шашағының сулы-спиртті экстрактісінің физика-химиялық және биологиялық белсенді қасиеттерін жан-жақты зерттеуге бағытталған. Оның сүт қышқылды өнімдерінің негізгі сипаттамаларына әсерін бағалау функционалды тағам өнімдерін әзірлеудің маңыздылығын анықтауға мүмкіндік береді.Зерттеуге Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында орналасқан «Әли» шаруа қожалығының жүгері шашағы шикізаты пайдаланылды. Жүгері шашағы сығындысындағы және оның негізінде алынған өнімдердегі биологиялық белсенді қосылыстарды және А, В тобы, D3, K дәрумендерін сандық анықтауда Жоғары тиімді сұйық хроматография-масс-спектрометрия әдістері модификацияланды. Деректер “Excel 7.0” (MS Office, АҚШ) және “Statistica 6.0” (StatSoft, АҚШ) бағдарламалық қамтамасыз етулері арқылы статистикалық өңделді.Вакуумды ультрадыбыстық экстракция әдісімен алынған 20% сулы-спирттік сығындысы жақсы нәтижелер көрсетті. Ақуыз концентрациясының мөлшері сығындымен байытылған тәжірибелік үлгідегі сынаманың бақылау үлгісімен салыстырғанда айтарлықтай өсуіне әкелді. Бұл белсендендіру жүгері шашағының аминқышқылдық құрамына оң әсер ететінін көрсетеді. Осы өзгерістер негізінде әзірленген өнімнің жақсартылған және функционалдық қасиеттерге ие екендігін қорытындылауға болады.Жүгері шашағының сулы-спирттік сығындысын қосып әзірленген «Айран» сүт қышқылды өніміне жүргізілген зерттеулер оның құрамында метилбутират (Methylbutyrate) және метилцис-11,14-эйкозадиеноат (Methylcis-11, 14-eicosadienoate) майларының болуын және оның биологиялық тиімділігін растайды.Жүгері шашағы сығындысының құрамындағы В тобы дәрумендерінің жоғары болуы оның «Айран» сүт қышқылды өнімін өндіруге арналған перспективті шикізат ретіндегі әлеуетін анықтайды. Аталған бағыт дәрумендермен және алмастырылмайтын аминқышқылдарымен байытылған отандық функционалдық сүт қышқылды өнімдері индустриясының дамуына ықпал етеді. ru_RU
dc.publisher Алматинский Технологический Университет ru_RU
dc.relation.ispartofseries ;2026 №4
dc.subject жүгері шашағы, ультрадыбыстық сығынды, технология, зерттеу, сулы- спирттік сығынды. ru_RU
dc.subject кукурузные рыльца, ультразвуковая экстракция, технология, исследование, водно-спиртовой экстракт. ru_RU
dc.subject corn silk, ultrasonic extraction, technology, research, hydroalcoholic extract. ru_RU
dc.title Жүгері шашағы сығындысын зерттеу ru_RU
dc.title.alternative Исследование экстракта кукурузных рылец ru_RU
dc.title.alternative Research corn stigmas extract ru_RU
dc.type Article ru_RU


Files in this item

This item appears in the following Collection(s)

Show simple item record

Search DSpace


Browse

My Account