Abstract:
Тамақтану – адам ағзасының қызметі мен зат алмасуына үнемі тікелей әсер ететін гигиеналық факторлардың бірі болып табылады. Арнайы тамақтану тек қана зат алмасу процестерінің бұзылуын реттеу кезінде ғана емес, басқа да ауруларды емдеу кезінде және профилактикалық мақсатта емдік фактор ретінде қолданыла алады.