Abstract:
Капсулалар шашырату әдіспен жетілдірілген қоңдырғыда алынды. Ортадан тепкіш форсунка
жұмыс істеу принципі оған берілген сұйықтықтың айналуына негізделген. Ағын форсункадағы сұйықтық,
сұйық бөлшектердің форсункаға қатысты импульс моментінің әрекетіне байланысты, ол сұйықтық
айналу кезінде пайда болады. Капсулалау материал ретінде натрий альгинаты таңдалды. Альгинат
тамақ өнеркәсібі, құрғақ сусын концентраттарын алу үшін немесе фармацевтика өнеркәсібінде
энтеросорбенттердің сұйық түрлерін тез дайындау үшін немесе өндірілетін әртүрлі салаларда және
медицинада қолданылады. Еритін альгинаттардың тән ерекшелігі - олардың тұтқыр ерітінділер түзу
қабілеті, сондықтан олар әртүрлі салаларда тиімді қоюландырғыш ретінде кеңінен қолданылады.
Альгинаттар диеталық тағамдардың бөлігі ретінде диеталық талшықтың көзі ретінде де қолданылады.
Тәжірибе жасау кезінде ортадан тепкіш форсунка d= 1,2×10-3м таңдалды. Капсулалау материалын
негіздеу үшін 0,5%, 0,8%, 1% концентрациядағы натрий альгинаты ерітіндісі алынды. Гель түзетін қоспа
тұтқырлығы әр түрлі температурада натрий альгинаты ерітіндісінің концентрациясына тәуелділігі
кезінде, 40 С температурада тұтқырлық мөлшері ротордың айналу жиілігі үшін шамалы өзгереді,
ерітіндіні пайдаланудың ең қолайлы температурасы 40 С алынды. Тісті сорғының 39,3 с-1
, 47,6 с-1 жоғары
айналу жиілігінде гель түзетін қоспаның тұтқырлығы төмендейді, форсунка диаметрі 1,2×10-3м өткізу
қабілеті өнімділігі артады. Ал капсулалауға арналған материал ретінде 1% натрий альгинаты
концентрациясы қабылданды, алынған капсула орташа диаметрі 1,4×10-3м болды.