Abstract:
Масс-спектрометрия әдісі арқылы индуктивті байланыстырылған плазмамен (ICP-MS) марал
етіндегі микроэлементтердің (Al, Fe, K, Ca, Mg, Cu, Na, Zn) және уытты заттардың (Cd, Co, Pb, Sr, Cr)
концентрациялары анықталды. Марал етіндегі бұл элементтердің мөлшерінің орташа мәндері мынадай
болды: алюминий үшін 36,58 мг/кг, темір үшін 38,39 мг/кг, калий үшін 3045,3 мг/кг, кальций үшін 77,28
мг/кг, магний үшін 224,07 мг/кг, мыс үшін 1,4 мг/кг, натрий үшін 217,94 мг/кг және мырыш үшін 30,04
мг/кг. Марал етіндегі уытты элементтердің мөлшері сиыр еті, қой еті, жылқы еті және тауық еті
сияқты басқа ет түрлеріндегі ұқсас көрсеткіштермен салыстырылды. Талдау нәтижелері бойынша
марал етіндегі қорғасын (Pb) концентрациясы ең төмен көрсеткіштердің бірі болды небәрі 0,008 мг/кг.
Бұл ретте марал етіндегі стронций (Sr) - 1,07 мг/кг мен хром (Cr) - 3,08 мг/кг мөлшері басқа ет өнімдеріне
қарағанда жоғары болды. Дегенмен марал етіндегі Pb, Cd және Cr деңгейлері КО ТР No 034/2013 Кеден
одағының Техникалық регламентіне, No 466/2001 Комиссия (ЕО) қаулысына және тағам өнімдеріне
жанасатын заттар бойынша АҚШ-тағы FDA ұсыныстарына сәйкес рұқсат етілген мәндер шегінде
болды.