Аннотации:
Дайын өнім сапасын сипаттайтын көрсеткіштердің бірі ол -
шикізаттың ылғалды сақтау қасиеті. Жылулық өңдеуден өткізгеннен
кейінгі ет шырыны шығынының ұлғаюы өнім сапасының
төмендегенін көрсетеді және де жалпы өндіріс экономикасына әсер
етеді. Түйе етінің артықшылығы - ол өзінің тағамдық құндылығы
жағынан сиыр етінің құндылығынан төмен емес және арзан шикізат
көзі болғандықтан, экономикалық жағынан тиімді болып табылады