Аннотации:
Оқу құралында азық-түлік өнімдерінің түрлері және жіктелінуі, тамақ өнімдерінің тағамдық құндылығы және олардың адам тамақтануындағы мәні, әр түрлі топтағы азық-түлік өнімдерінің ассортименті және сапалық сипаттамалары, азық-түлік өнімдерін сақтау, тасымалдау және тарату негіздері, азық-түлік өнімдерінің сапасын бағалау және талдаудың қазіргі заман талабына сай тәсілдері туралы келтірілген.
Оқу құралы 5В072700 «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы», 5B091200 «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі», 5В012000 «Кәсіптік білім беру» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын жоғары оқу орындары студенттеріне арналған. Сонымен қатар тауартану саласындағы жұмысшыларға, кадрларды қайта даярлау және біліктілікті арттыру жүйесінде оқитын жұмысшыларға қызығушылық тудыру мүмкін.