Аннотации:
Бүгінгі күні суды өңдеудің технологиялық сызбасын жетілдіру талап етілуде. Мақалада сүт өнеркәсібі кәсіпорындарында су өңдеу жүйесінің негізгі мәселелерін зерттеу нәтижелері келтірілген. Сүт өнімдері өндірісінде перспективасы басым суды сүзудің механикалық, реагентті, тотықтырғыштық, адсорбциялық, ион алмасу әдістері, сондай-ақ мембраналық сүзу әдістері, су дайындауға арналған электродиализдік қондырғылар зерттелді. Әдістерді талдау суды өңдеу жүйелерінің кемшіліктерін анықтауға және оларды жетілдіру жолдарын ұсынуға мүмкіндік берді.