Аннотации:
Мақалада күріш және жарма өнімдерінің сапалық сипаттамасы-
ның зерттеу нәтижелері келтірілген. Күріш дәнінің және жармасының техноло-
гиялық қасиеттерін сипаттайтын белгілерінің арасындағы өзара байланысын
анықтау үшін зерттеу нысаны ретінде Қызылорда облысы аумағында кең
көлемде аудандастырылған Маржан, Янтарь, Лидер, Новатор күріш сұрып-
тарының үлгілері алынды. Зерттеу барасында олардың органолептикалық,
физика-химиялық бағасы және олардың өзара байланысы анықталды. Нәти-
желерді талдау сапалы ядро мөлшеріне тек күріш дәнінің сызаттылығы ғана
емес, сондай-ақ дәннің құрылымдық белгілері де әсер ететіні туралы бол-
жамдар жасауға мүмкіндік береді. Дәннің жоғары сызаттылығы эндоспермнің
әртүрлі консистенциялы болуына негізделген. Ескерілген көрсеткіштер ара-
сындағы анықталған өзара байланыс жарма өндіруде тәуелді белгілеулер
бойынша үлгілерді таңдау мүмкіндігінің бар екендігін тұжырымдайды.